«Теңізшевройл» ЖШС хакерлердің шабуылы жайлы қауесетті жоққа шығарды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Теңіз және Королевский кен орнын әзірлеп жатқан  «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік желіде компанияға хакерлер шабуылы туралы пайда болған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Теңіз кен орнында да, Атыраудағы бас кеңседе де кешеннің барлық коммуникативтік жүйелері штатты режімде жұмыс істеуде. Теңізде мұнай өндіру, оны екі зауытта дайындау әдеттегідей жүзеге асырылуда», - деді ЖШС-ның үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Ризабек Артығалиев.

Бұдан бұрын NCOC компаниясының серверлеріне хакерлік шабуыл жасалғаны хабарланған.