«Жылыой аудандық прокуратурасының талабы негізінде жоспардан тыс тексерулер барысында 2017 жылғы 30 мамырда «Теңізшевройл» ЖШС-тің Теңіз газ өңдеу зауытында қондырғы істен шыққаны анықталды. «Теңізшевройл» ЖШС газ және ластағыш заттар шығару түрінде еркін эмиссияны жүзеге асырған. Бұл ҚР Экологиялық кодексінің 3-бабының 12-бөлігіне, 68-бабының 1-бөлігіне қайшы келеді», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
«Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылығы сотта фактілермен дәлелденді. «Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабына сәйкес айыпты деп танылып, 278 млн 468 мың 95 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.