Теннеси штатының тұрғыны лотереядан 260 миллион доллар ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Ноксвилл қаласының (Теннесси штаты) тұрғыны Рой Кокрум танымал Powerball лотереясының жеңімпазы атанды.

Джекпот 259,8 млн. долларды құрады. 3 шілде күні лотереяны ұйымдастырушылар хабарлағандай, Рой Кокрум ақшасын алуға оның билеті ұтысты болғанын естігеннен кейін бірнеше апта өткен соң келген.

Жеңімпаз ұтысын бөлмей, бірден түгелдей алуды жөн көрген. Осылайша, лотерея шарттары бойынша, оның ұтысы 153 миллион долларды құрады. Егер Кокрум оны 30 жыл көлемінде бөліп алса, джекпоттың бәрін иеленер еді.

Ұтыс әкелген билетті ол жергілікті азық-түлік дүкенінен сатып алған.

Powerball лотореясы 43 штатта ойнатылады. Оның шарты бойынша, ұтыс бес ақ және бір қызыл шардың нөмірлерін дәл тапқан адамға беріледі.