Теннесси штаты Портленд қаласындағы North American Stamping Group компаниясының 20 жұмысшысы Powerball лотереясы билетінің ұтыс иелері атанды, деп жазады life.ru.
- Достар бірнеше жыл бойы бірге ойнаған және ұтқан жағдайда оны жаратудың жоспарын да құрған - оның ішінде өзге жандарға көмек қолын созу да бар»,-деп түсіндірді лотереяны ұйымдастырушылар.
Сыйлық қорын беру 30 жылға созылады. Мұндай жағдайда салыққа төленетін сома төмен болмақ. Ұтысты бірден де ала аласыз, онда сыйлық салықты қоса есептегенде 254,7 миллион долларды құрайды.