Атап айтқанда, 2025–2026 жылдары болған 5 түрлі әр уақыттағы тұтқындарды өлтіру дерегі тергеліп жатыр. Айыпталушылардың есімдері әзірге жарияланған жоқ. Прокуратура оларды барлық күдіктілер ұсталғаннан немесе айыптау актісі ресми тапсырылғаннан кейін жариялауды жоспарлап отыр.
Прокуратураның мәліметінше, 8 адам 2025 жылғы 12 тамызда болған тұтқынды қасақана өлтіру ісі бойынша бірінші дәрежелі кісі өлтірді деген айыпқа тартылған. Бұдан бөлек, түзеу мекемесінің бұрынғы екі қызметкеріне денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, шабуыл жасау, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және мемлекеттік қызметші антын бұзу баптары бойынша айып тағылды.
Тағы 6 адам 2025 жылғы 8 қазанда қаза тапқан тұтқынның өліміне қатысты жауапқа тартылып отыр.
Сонымен қатар айыптар қатарында зорлық-зомбылық, ұрлық, адам өлтіруге оқталу, түзеу мекемесі қызметкерлеріне шабуыл жасау және есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілері де бар.
— Соңғы бірнеше жылда түзеу мекемелері департаментіне қарасты орындардағы зорлық-зомбылық деңгейі айтарлықтай өсті. Қызметкерлер мен жазасын өтеп жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл істер бойынша тергеу мен қылмыстық қудалауды жалғастырамыз, — деді Гудман.
Теннесси штатының түзеу мекемелері департаменті тағылған айыптар мен түзеу кешеніндегі жағдайға қатысты сауалдарға әзірге жауап берген жоқ.