Теннис: А.Недовесов US Open екінші айналымына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі АҚШ-тың Ашық чемпионатында (US Open) қазақстандық теннисші Александр Недовесов ирландиялық Джеймс Макгидден басым түсіп, екінші айналымға шықты.

Ойын төрт сетке созылып, 6:4, 2:6, 1:6, 6:7 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.

Енді ол екінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы саналатын француздық Жо-Вильфрид Тсонгамен кездеседі.

Сонымен қатар, бүгін қазақстандықтардан Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев жарысқа түседі. Кукушкин Ян-Леннорд Штруффпен, ал Андрей әлемнің 17-ракеткасы италияндық Фабио Фоньинимен кездеседі.

Ерлермен қатар, бүгінгі сайыс күнінде әйелдер арасында жарысты бастайтын отандасымыз Зарина Дияс украиндық Леся Цуренкомен ойнаса, Ярослава Шведова румындық теннисші Моника Никулескумен бақ сынасады.