ТЕННИС: Ә.Тілешов Анталиядағы ITF сериясындағы турнирдің жеке сынындағы іріктеуде 3-айналымға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Әділ Тілешов Анталиядағы (Түркия) ITF сериясындағы турнирдің жеке сынындағы іріктеу жарысының 3-айналымына шықты. Бәсекенің сыйлық қоры 10 мың доллар.

Іріктеудің екінші кезеңінда Ә.Тілешов түрік Кагкан Юлмаздан 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Қазақстандық енді 3-айналымда 7:5, 6:3 есебімен швециялық Джонатан Линдштедтті жеңген австралиялық Дан Доусонмен кездеседі.

Satellite tournament және Futures Tournaments турнирлерінен тұратын ерлер мен әйелдер арасындағы ITF туры кәсіби теннистегі бастапқы қадам және оның нәтижесі ATP және WTA рейтингтерінде ескеріледі, деп жазды sports.kz.