Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлер мен әйелдердің жеке жұптары арасындағы бәсекенің жеңімпазы 3,7 млн доллардан алады. Маусымдағы төртінші Үлкен дулыға турнирінің жүлде қоры өткен жылмен салыстырғанда 9 процентке ($4 млн) көбейді.
Еске сала кетсек, өткен жылы жеке жұптарда швейцариялық Стэн Вавринка мен германиялық Ангелик Кербер аталмыш турнирдің жеңімпазы атанған болатын.
Теннистен АҚШ ашық чемпионаты 28 тамыздан 10 қыркүйекке дейін жалғасады.