НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингісінде рекорд көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бүгін жаңартылған рейтингіде А.Бублик 37-ден 34-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші.
Михаил Кукушкин 13 сатыға төмендеп, 142-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 193-тен 195-ке сырғыды. Есесіне Тимофей Скатов бірден 25 сатыға, 299-дан 274-ге көтерілді.
Жұптық сында Андрей Голубев 38-орында қалса, А.Бублик 50-ден 48-ге жоғарылады. Украинада өткен челенджер турнирінде жеңімпаз атанған Александр Недовесов 80-нен 79-ға орналасты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Украинада өткен жарыста чемпион атанғанын, US Open турнирінде 18 жастағы теннисшінің чемпион атанып, рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Даниил Медведев «Үлкен дулыға» додасында алғаш рет чемпион атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).