НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик ATP чемпиондық кестесінде 9-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жаңартылған рейтингіде А.Бублик 10-нан 9-сатыға жоғарылады.
Бұл қазақстандық теннисшінің Анталия мен Сингапур АТР 250 турнирлерінің финалына шығуы арқасында мүмкін болып отыр.
Сонымен, ATP (15 наурыздағы мәлімет) чемпиондық кестесі мынадай болып отыр:
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 2140
2 (2). Даниил Медведев (Ресей) - 1950
3 (3). Андрей Рублёв (Ресей) - 1260
4 (4). Стефанос Циципас (Грекия) - 1060
5 (5). Аслан Карацев (Ресей) - 765
6 (6). Маттео Берреттини (Италия) - 495
7 ( 2). Мартон Фучович (Венгрия) - 465
8 (-1). Диего Шварцман (Аргентина) - 460
9 ( 1). Александр Бублик (Қазақстан) - 430
10 (-2). Александр Зверев (Германия) - 425.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Дубай турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).