НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик биылғы маусымда ATP турнирлерінде эйс саны жөнінен көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 23 жастағы А.Бублик биылғы төрт айда 24 матчта 296 эйс жасап үлгерді.
Аустралиялық Алексей Попырин екінші орында, ол 17 кездесуде 197 эйс жасаған. 20 бәсекеде 195 эйске қол жеткізген ресейлік Даниил Медведев үздік үштікті түйіндеп тұр.
Содан кейінгі орындарда мына теннисшілер келеді:
4. Андрей Рублев (Ресей) — 185 (29)
5. Хуберт Хуркач (Польша) — 171 (21)
6. Александр Зверев (Германия) — 171 (16)
7. Милош Раонич (Канада) — 165 (11)
8. Райли Опелка (АҚШ) — 157 (8)
9. Тэйлор Фритц (АҚШ) — 156 (19)
10. Ллойд Харрис (ОАР) – 151 (14)
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Барселона турнирінің үшінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).