Теннис: Александр Бублик Братиславадағы «Челленджердің» екінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Братислава (Словакия) қаласында өтіп жатқан ірі «Челленджер» турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жарыстың жүлде қоры - 106 000 еуро.

Турнирдің бастапқы матчында қазақстандық теннисші словакиялық Андрей Мартинді 2:6,6:3,7:5 есебімен жеңді. Келесі айналымда Александр Бублик италиялық теннисші Лоренцо Сонегомен сынға түседі.

ATP Challenger әлемдік туры - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) ұйымдастыратын кәсіби жарыстар топтамасы. Соңғы жылдары әлемнің 40 елінде 150-ден астам «челленджер» ұйымдастырылып жүр.