НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик Қытайдағы Чэнду ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 71-ракеткасы А.Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 111-орында тұрған оңтүстікафрикалық Ллойд Джордж Харриспен кездесті.
Тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 7:6 (8:6).
Екінші сетті де Бублик сәтті аяқтай білді - 6:4.
Бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды.
А.Бублик финалда әлемнің 34-ракеткасы, канадалық Денис Шаповалов немесе рейтингте 63-сатыдағы испаниялық Пабло Карреньо-Бустаның біреуімен чемпиондық атақ үшін таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А. Бубликтің Чэнду турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).