НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Мәскеудегі Кремль кубогы ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 164-орында тұрған украиналық Илья Марченкомен кездесті.
Жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған украиналық спортшы 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
1 сағат 21 минутқа созылған кездесуде Марченко 6 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Бублик 10 эйспен ғана ерекшеленді.
И.Марченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, аустралиялық Джон Миллманмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдік рейтингіде 35-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).