НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Майами ATP 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы доданың 32-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 57-орында тұрған сербиялық Ласло Дьеремен кездесті.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қарқынынан айырылған жоқ – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 26 минутқа созылды.
А.Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен таласады.
Ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Майами мастерс турнирі (жалпы жүлде қоры – 3,26 млн АҚШ доллары) 4 сәуірде мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Майами мастерс турнирін жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның үшінші айналымға шыққанын, Юлия Путинцеваның ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).