Теннис: Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалында жеңіліп қалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бубликфиналда осы жарыстың бірінші, әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Джон Изнерменкүш сынасты.

Біріншіпартияда есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасап, алға шықты.Алайда ол сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Ал тай-брейктетәжірибелі америкалық есесін жібермеді – 7:6 (7:2).

Екіншісетте есеп 2:2 болғанда, Изнер брейк жасап кетті. Ақыры ол матчты тағы бірбрейкпен түйіндеді – 6:3.

ОсылайшаА.Бублик ATP турнирінің финалында ұтылып, өзінің спорттық жолындағы алғашқыүлкен табысына қол жеткізе алмады.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Ньюпорт турнирінің финалына шыққанын,Елена Рыбакинаның Бухарест жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Е.Рыбакинаосы тамаша жеңісінен кейін әлемдік рейтингте 106-дан 65-сатыға көтеріледі. Оныңбұл көрсеткішін жақсартуына толық мүмкіндігі бар. Енді Елена Юрмала (Латвия) WTAтурниріне қатысады. Онда алғашқы айналымда рейтингте 182-сатыдағы қытайлық Син-ЮньХаньмен кортқа шығады.

Солсекілді А.Бублик Атланта (АҚШ) ATP додасында бақ сынайды. Александрдің біріншіқарсыласы – әлемнің 57-ракеткасы, тағы бір америкалық Рейлли Опелка. Егер оныұтса, қайтадан Д.Изнермен жолдары тоқайласады.




Соңғы жаңалықтар