Теннис: Александр Бублик Ньюпорт турнирінің ширек финалына шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан Ньюпорт ATP турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 83-ракеткасы, 22 жасар А.Бублик екінші айналымда рейтингте167-орындағы сербиялық Виктор Троицкимен кездесті.

Рейтингте төменгіорында тұрғанымен, 33 жасар В.Троицки кезінде жоғарытабыстарымен көрінген аса тәжірибелі теннисші еді.

Бірінші партиядасербиялық спортшы 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сеттеқазақстандық теннисші дәл сондай есеппен есе қайырды.

Үшінші,шешуші партияда бірден брейк жасаған А.Бублик алға шықты – 2:0. Бұдан кейінАлександр тағы бір брейкке қол жеткізгенімен, қарсыласы сол бойда қарымтақайыра білді – 4:2. Дегенмен А.Бублик тағы бір брейкпен матчқа нүкте қойды –6:3.

Бәсеке1 сағат 51 минутқа созылды.

А.Бубликжартылай финалға шығу үшін осы жарыстың екінші, әлемнің 62-ракеткасы,франциялық Адриан Маннарино немесе рейтингте одан он саты төменде тұрғанамерикалық Теннис Сандгреннің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын Александр Бубликтің Ньюпорт додасын сәттібастағанын, Александр Недовесовтің Нұр-Сұлтан жарысыныңүшінші, Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаеваның екінші айналымынашыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар