НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілікрейтингте 83-орында тұрған А.Бублик ширек финалда әлемнің 72-ракеткасы,америкалық Теннис Сандгренмен кездесті.
Бірінші партиядатәжірибелі Т.Сандгрен А.Бубликке бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сеттеқазақстандық теннисші 6:3 есебімен есе қайырды.
Үшінші, шешушіпартияда А.Бублик екі мәрте брейк жасап, 4:0 есебімен алға шықты. Ақыры ол дабұл сетте қарсыласына бірде-бір гейм бермеді – 6:0.
Бәсеке 1 сағат 14минутқа созылды.
А.Бублик финалғашығу үшін әлемнің 98-ракеткасы, 33 жасар испаниялық Марсель Гранольерспенталасады.
Еске салакетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сындаНұр-Сұлтан жарысының финалынаөткенін, ал Елена Рыбакинаның Бухарест турнирінің жартылайфиналына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).