Теннис: Александр Недовесов Братислава турнирінің финалында ұтылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен украиналық Денис Молчанов соңғы бәсекеде словакиялық Филип Хорански – тағы бір украиналық Сергей Стаховскиймен бас жүлдені сарапқа салды.

Словакиялық-украиналық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.

А.Недовесов пен Д.Молчанов 4 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесовтің Словакиядағы турнирдің финалына шыққанын, қазақстандық жас теннисшілердің Өскеменде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.