НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Шымкент челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарысқа екінші айналымнан қосылған, 7-ракетка болып тіркелген А.Недовесов дүниежүзілік рейтингте 246-орында тұрған франциялық Глеб Сахаровпен кездесті. Бірінші партия Г.Сахаровтың еншісінде кетті - 7:5. Есесіне екінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын байқалды - 6:1. Үшінші, шешуші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Онда А.Недовесов матчты жеңіспен аяқтай білді - 7:6 (8:6).
Бәсеке 2 сағат 39 минутқа созылды.
А.Недовесов Шымкент турнирінің ширек финалына шығу үшін канадалық Стивен Диас немесе отандасы Андрей Голубевтің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин Хертогенбос турнирінің екінші айналымына шыққан болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).