НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Натан Паша - Макс Шнурмен кездесті.
Бірінші партияда А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте де осы есеп тіркелді - 6:4.
Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің финалына шыққанын, А.Бубликтің Сингапур жарысының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).