НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер - Джек Сокпен күш сынасты.
Америкалық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттай уақытқа созылған матчта қазақстандық-германиялық жұп 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады. Қарсыластары 7 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Осылайша өз спорттық жолында алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шыққан А.Голубев одан әрі аса алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).