Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Голубев пен Грот француз спортшылары Жюльен Беннето мен Эдуард Роже-Васслен және аргентиналық Максимо Гонсалес пен Хуан Монако жұптарының жеңімпаздарымен кездесетін болады.
Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.