Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге жүлде қоры 2,8 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың алғашқы айналымында германиялықтар Кевин
Кравиц – Андреас Мьеспен кездесті.
А.Голубев пен Ф.Мартен 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта олар 4 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Қазақстандық-франциялық жұптың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында бастапқы матчта дүниежүзілік рейтингте 11-орында тұрған Польша өкілі Хуберт Гуркачтан жеңіліп қалды – 3:6, 1:6. Бұған дейін А.Бублик жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кіргенін, елорда турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын
жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева елордада жұптық сында ширек финалға шықты.