НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев монаколық Хьюго Ниспен бірге бастапқы кездесуін тағы бір қазақстандық Александр Бублик – Беларусь өкілі Илья Ивашкамен өткізді.
Қазақстандық-монаколық жұп бір сағатқа жетпеген матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Олар бәсеке барысында 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйстен аса алмады.
А.Голубев пен Х.Нистің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың әлемдік рейтингте үздік жүздікке қайта оралғанын, Александр Бубликтің Санкт-Петербург турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дэвис кубогы финалына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).