Ақтық сында Данилина-Кнолл турнирдің екінші жұбы ресейлік Екатерина Бычкова мен Евгения Родинаны екі сетте - 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Финалға шықпас бұрын, олар жартылай финалды украиналық жұп Алена Фомина мен Анастасия Васильеваны 6:4, 6:3 есебімен, ширек финалда ресейлік Анна Смолина мен Любовь Васильеваны, бірінші айналымда Ресей спортшысы Нателла Дзаламидзе мен украиналық Ганна Позничеренконы тізе бүктірген.
Айта кетейік, турнирдің жалпы сыйақы қоры 25 мың АҚШ долларын құрады.