НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19-26 қыркүйек аралығында елордада өтетін Astana Open ATP 250 турниріне қатысушылардың алдын ала тізімі жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста рейтингілері жоғары, белгілі ойыншылар бақ сынамақшы.
Атап айтқанда, әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гарин, рейтингте 24-сатыдағы ресейлік Аслан Карацев, сондай-ақ сербиялықтар Филипп Крайнович пен Душан Лайович, өткен жылғы Astana Open чемпионы, аустралиялық Джон Мильман, франциялық Бенуа Пер, италиялық Лоренцо Музетти, америкалық Маккензи Макдональд және басқалар елордаға келмекші.
Қазақстаннан әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтен басқа Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесовтерге қоса жас теннисшілер өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада Astana Open халықаралық турнирі өтетінін, қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін, сондай-ақ Зарина Диястың Чикагода жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).