Теннис: Астанада Қазақстанның қысқы чемпионаты аяқталды

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында жеке разрядта финалдық сайыстар болып өтті,

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Жеке разрядтағы қысқы чемпионаттың жеңімпаздары Алексей Кедрюк пен Екатерина Сагитова болды.

Ақтық сайыста Алексей Кедрюк үш партияда 3:6,6:1,6:3 есебімен Дмитрий Макеевті жеңді. Құрметті үшінші орынды Серіжан Есенбеков иеленді.

Ал әйелдер арасындағы жекпе-жекте Екатерина Сагитова кортта Анастасия Епешовамен кездесті. 3:2 есебінде Анастасия Епешова денсаулығына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Үшінші орынды 6:1,6:3 есебімен Екатерина Губанованы жеңген Дарья Бережная иеленді.