ТЕННИС: Атақты теннисші Ли Наның туған қаласы Уханьдағы мүсініне вандалдар зақым келтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вандалдар Ухань қаласында орнатылған «Үлкен дулыға» сериясы турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы Ли Наның мүсінін зақымдады.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Сәрсенбі күні таңертең интернетте 32 жастағы Ли На осы жылғы қазанда Қытайда өтетін турнирден кейін өз мансабын аяқтайды деген хабарлама пайда болған еді.

Бұған себеп болған АҚШ Ашық чемпионатындағы оның матчы туралы мәлімет болған, CBS тілшісі Мэри Карильо спортшының теннистен кетуге әзірленіп жатқанын айтқан. Алайда кейіннен теннисшінің агенті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ли На Франция-2011, Австралия-2014 ашық чемпионатының жеңімпазы. Теннистен әйелдер қауымдастығының (WTA) 11 турнирінде жеңіске жеткен. Қазір қытайлық спортшы WTA әлемдік рейтингінде үшінші орында.