Теннис: Австралия ашық чемпионатында Александр Бублик үшінші айналымға өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мельбурн қаласында теннистен өтіп жатқан Австралия ашық чемпионатының екінші айналымында қазақстандық Александр Бублик тунис ойыншысы Малик Жазиримен кортқа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

www.championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 19 жасар А.Бублик өзінің тәжірибелі қарсыласы, 33 жастағы М.Жазириден айласын асыра алмады. Сөйтіп 2:6, 3:6, 5:7 есебімен жеңіліс тапты. Дегенмен қазақстандық жас теннисшінің іріктеу сайыстарынан өтіп, Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына дейін жетуінің өзі жақсы табыс деуге болады. Қазір ол әлемдік сатыда 207-інші орында тұрса, бұл біріншіліктен кейін рейтингісі көтерілері анық.

Еске сала кетейік, сонымен Австралия турнирінде жекелей сында Қазақстаннан Юлия Путинцева ғана қалды. Ол 19 қаңтар күні таңертең латвиялық Елена Остапенкомен күш сынасады.