Екінші жыл қатарынан бұл сында белоруссиялық Виктория Азаренко үздік шықты.
Дәл қазір Белорусь жұртының атын әлемге әйгілеп жүрген дәл осы Азаренко. Жалғыз өзі Белоруссияның брендіне айналған теннисшінің бүгінгі жеңісі қазір әлем халқын тағы да таң қалдырды. Виктория финалда отыз жасар қытайлық Ли Наны жеңді - 4:6. 6:4. 6:3.
Ерлер арасындағы және микст бәсекесінің финалы бүгін, 27 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.