НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Доха (Катар) турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, словениялық Альяж Беденемен кездесті.
Словениялық спортшы екі сетте 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды.
А.Бедене жартылай финалға шығу үшін әлемнің 15-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринка немесе рейтингте 54-орындағы франциялық Жереми Шардидің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Қытайдағы турнирді сәтті бастап, Юлия Путинцеваның Брисбенде әлемнің 20-ракеткасын ұтқанын, Елена Рыбакинаның Шэньчжэньде ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).