НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексикадағы Сан-Луис Потоси челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы турнирдің бірінші, әлемнің 100-ракеткасы А.Бублик алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 322-орында тұрған америкалық Кевин Кингпен өткізді.
Бұл матчта қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті.
А.Бублик ширек финалға шығу үшін рейтингте 480-сатыдағы бразилиялық Педро Сакамотомен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Монте-Карло турнирін сәтті бастағанымен, үшінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).