Теннис: Бублик пен Зарина Дияс Вашингтон турниріне қатысады
Әлемнің 71-ракеткасы А.Бублик алғашқы айналымда америкалық, рейтингте94-орында тұрған Брэдли Кланмен күш сынасады.
Қазіргі іріктеусайыстары өтіп жатқан ATP турнирі 4 тамызда мәреге жетеді.
Сол секілдіВашингтон WTA турнирінде (жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллары) Зарина Дияс өнеркөрсетеді. Рейтингте 84-сатыдағы Заринаның қарсыласы іріктеу сайысыжеңімпаздарының бірі болмақ.
Әлемнің8-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс бастаған біраз мықтылар қатысатын бұлдода да 4 тамыз күні аяқталып, жеңімпаз белгілі болады.
Тағы бірқазақстандық, әлемнің 45-ракеткасы Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) ATPжарысында бақ сынайды. Оның қарсыласы – рейтингте 92-орындағы босниялық ДамирДжумхур.
Бұл бәсеке 5тамызда бітпек.
Осы жарыстардыңбәрі де Нью-Йоркте 26 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтетін «Үлкен дулығаның»соңғысы –US Open турниріне дайындық болып есептеледі.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Галина Воскобоеваның жұптық сында Юрмала турнирініңфиналына шыққанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Прага жарысыныңфиналында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.