Теннис: Бублик «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик 'Ролан Гаррос' турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 91-орында тұрған қазақстандық спортшы жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған әлемнің 173-ракеткасы, германиялық Рудольф Моллекермен кездесті.

Тартысты өрбіген матчта А.Бублик 7:5, 6:7 (4:7), 6:1, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 2 сағат 37 минутқа созылды.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, аустриялық Доминик Тим немесе рейтингте 131-сатыдағы америкалық Томаш Полдың біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын "Ролан Гаррос" турнирінің басталатынын, әйелдер арасында Зарина Диястың екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.