НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Бублик Шанхай ATP турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 19-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.
Тартысты өрбіген бірінші партияда канадалық спортшының жолы болды – 7:6 (7:5).
Екінші сетте есеп 0:4 болған мезетте А.Бублик матчты жалғастырудан бас тартты.
Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Шанхай турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).