АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдонның іріктеу турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 141-інші ракеткасы А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 166-ыншы орында тұрған словакиялық Андрей Мартинмен кездесті.
Аса тартысты матчта қазақстандық теннисші 2:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды.
А.Бублик іріктеу сайысының жартылай финалында франциялық Бенджамин Бонзи немесе жапониялық Юсуке Ватанукидің бірімен шеберлік байқасады. Содан кейін финалға өтіп, онда қарсыласын ұтса, негізгі турнирге жолдама алады.
Айта кетейік, Уимблдон жарысы - төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі. Негізгі турнир алдағы аптада басталады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).