Теннис: Бублик Вашингтон турнирін жеңіспен бастады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Вашингтон ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 72-ракеткасы А.Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілікрейтингте 93-орында тұрған америкалық Брэдли Кланмен кездесті.

Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Ондақазақстандық теннисші басымдылық танытты – 7:6 (7:5).

Екінші сетте америкалық теннисші брейк жасап, алға шықты.Дегенмен А.Бублик оны әрі ұзатпай, матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 29 минутқа созылды.

А.Бублик жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын жарыстыңекінші айналымында тағы бір америкалық, осы турнирдің 16-ыншы, әлемнің40-ракеткасы Фрэнсис Тиафомен күш сынасады.

Әйелдер арасындағы Вашингтон турнирінің бірінші айналымындаәлемнің 84-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс биылғы Уимблдон жарысында тамашаөнерімен талайды таңғалдырған 15 жасар америкалық Кори Гауффпен шеберлікбайқасады. Қазіргі кезде рейтингте 146-орында тұрған К.Гауфф бұл жарысқаіріктеу сайыстарынан кейін қосылды.

Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы МихаилКукушкин Лос Кабос (Мексика) додасында рейтингте 92-сатыдағы босниялық ДамирДжумхурмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен З.ДиястыңВашингтон турниріне қатысатынын,ал Галина Воскобоеваның жұптық сында Юрмала жарысының финалында жеңіліпқалғанын жазған болатынбыз.