Теннис: Челенджер сериясындағы турнирде жерлесіміз Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды
17:36, 22 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Теннистен Словакияның Трнаве қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 64 мың еуроны құрайтын Челенджер сериясындағы халықаралық турнирде жерлесіміз Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда молдован спортшысы Раду Альбертті 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Енді ширек финалда Ф.Щукин словакиялық Павол Червенакпен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, ол алғашқы айналымда польяк Мартин Гауранды 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.