НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев Нұр-Сұлтанда Президент кубогы үшін өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілікрейтингте 305-орында тұрған Д.Евсеев бастапқыкездесуін әлемнің 472-ракеткасы, чехиялық Михаил Врденскимен өткізді.
Қазақстандықтеннисші 1 сағат 14 минутқа созылған бәсекеде 6:2,6:3 есебімен жеңіске жетті.
Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 233-ракеткасы, аустриялықЛукас Мидлермен күш сынасады.
Жарысты екіншіайналымнан бастайтын осы турнирдің бесінші, әлемнің 196-ракетасы Александр Недовесов рейтингте 365-сатыдағы аргентиналық ФакундаМенамен шеберлік байқасады.
Басқақазақстандықтар бірінші айналымнан аса алмады. БүгінАндрей Голубев Израиль елінің өкілі Эдан Лешемге 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Нұр-Сұлтанда сондай-ақ әйелдер де сынға түсуде.
Өткізілебастағанына 27 жыл болған Президент кубогы үшін турнир (жалпы жүлде қоры – 215 мың АҚШ доллары) 21 шілдеде мәреге жетеді.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест турнирін жеңіспен бастағанын жазғанболатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).