НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге жұптық сында Анталиядағы (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген Евсеев пен Орлов жартылай финалда франциялық Максим Хаму мен түркиялық Туна Алтунамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңіске жетті.
Д.Евсеев пен В.Орлов финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоло немесе латвиялық Даниэл Морозов пен Илья Снитари жұптарының қай жеңгенімен кортқа шығады.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталған жарыс қоры – 15 мың АҚШ доллары.
Қазақстандық-украиналық жұп бастапқы кездесуінде түркиялықтар Мерт Оздемир мен Берк Илкелді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ал ширек финалда тағы да түркиялықтар Мерт Алкай мен Баран Ченгизді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Анталия ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).