НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында украиналық Владислав Орловпен бірге Анталиядағы ITF турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоломен кездесті.
Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген аргентиналықтар 7:5, 6:2 есебімен ұтып кетті.
Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Евсеевтің Түркиядағы турнирдің финалына шыққанын, Қарағандыда республикалық жарыстың мәреге жеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).