НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев италиялық Риккардо Бонадиомен бірге жұптық сында Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-италиялық жұп жүлде қоры 31,5 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалында ресейлік Теймураз Габашвили – тайбэйлік Цзэн Цзэнмен күш сынасты.
Д.Евсеев пен Р.Бонадио 6:2, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Олар төрт брейк жасай білсе, қарсыластары бір брейкпен шектелді.
Қазақстандық-италиялық жұп финалда германиялықтар Матс Морвинг – Оскар Оттемен бас жүлдені сарапқа салады. Олар жартылай финалда аустриялық Лукас Мидлер – хорватиялық
Нино Сердарушичті 6:4, 3:6, 10:8 есебімен тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның үздік жас теннисшілері анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).