АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде 2016 жылғы Дэвис кубогының жеребесі тартылды.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әлемдік топтағы барлық сегіз жұп белгілі болды. Соның ішінде Сербия теннисшілері өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайды. Сондай-ақ Ұлыбритания Жапониямен, Италия Швейцариямен, Польша Аргентинамен, Франция Канадамен, Германия Чехиямен, Австралия АҚШ-пен, Бельгия Хорватиямен күш сынасады.
Сербиялықтар 2010 жылы Дэвис кубогын жеңіп алғаны белгілі. Оның құрамында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович ойнайды.
Айта кетейік, биылғы Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетіп, онда Австралияға жол берген болатын. Әлемдік топта қазақстандықтар 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).