Теннис: Девис Кубогының жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық музейінде теннистен Девис Кубогы ойындары қарсаңында Қазақстан және Аргентина ұлттық командаларының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Девис Кубогының жеребе тарту рәсімі жаңа форматта, қазақы нақышта өтті. Шараға Аргентина теннис федерациясының президенті Арманда Червоне, Халықаралық тенис федерациясының өкілі Ингрид Лофдаль-Бенцер, Дэвис Кубогының бас төрешісі Роберто Раньери және Қазақстан мен Аргентина командалары қатысты.

Жеребе бойынша 15 қыркүйекте Михаил Кукушкин Гвидо Пельямен кездессе, Дмитрий Попко Диего Шварцманға қарсы күш сынасады. Ал 16 қыркүйекте Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов жұбы Максимо Гонсалес пен Андрес Мольтени жұбымен мықтыны анықтайды. 17 қыркүйекте Михаил Кукушкин Диего Шварцманмен қарсы ойнаса, Дмитрий Попко Гвидо Пельямен күш сынасатын болды.

Айта кетейік, 15-17 қыркүйек күндері аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының Әлемдік тобына өту үшін Қазақстан-Аргентина арасында плей-офф матчы өтеді.