АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында Федерация кубогы үшін кездесулер жалғасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Бүгін қазақстандықтар Үндістан құрамасымен шеберлік байқасуда. Алғашқы кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-інші ракеткасы Зарина Дияс дүниежүзілік рейтингте 284-інші орында тұрған үндістандық Карман Каур Тхандиді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Матч 1 сағат 2 минутқа созылды.
Бұдан кейін қазақстандық Юлия Путинцева Үндістан елінің тағы бір өкілі Анкита Райнамен күш сынасады.
Еске сала кетейік, кеше А тобында Гонконг теннисшілерімен кездесуді де Зарина Дияс жеңіспен бастап, қорытындысында қазақстандықтар қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).