Кортта ол канадалық Лиам Драксльмен кездесті. Теннисшілер үш сет ойнады, нәтижесінде қазақстандықтың қарсыласы мықты болып шықты. Қорытынды есеп - 6: 3, 0: 6, 3:10.
Пандемия кезінде теннис турнирлері жеңілдетілген жүйе бойынша өткізіледі. Ойыншылар кортта аз уақыт болады. Сондай-ақ айтарлықтай өзгерістер төрешілердің санына да енгізілді. Міндетті түрде қатаң санитарлық нормалар сақталады.