Теннис: Дубайда екінші айналымға шыққан А.Голубев Н.Джоковичпен кездесуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев Дубайда өтіп жатқан халықаралық теннис турнирінің екінші айналымына шықты.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, А.Голубев бірінші кездесуінде бүгін франциялық Фабрис Мартенді 7:5, 6:4 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші матч барысында 4 брейк-пойнттың төртеуін де пайдалана білді.

Ширек финалға шығу үшін А.Голубев сербиялық, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович немесе канадалық Вашек Поспишилдің біреуімен шеберлік байқасады. Бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте А.Голубев бірден 26 орынға төмен сырғып, қазір 107-сатыда тұр.

Айта кетейік, 28 ақпанда мәреге жететін Дубай турнирінің жүлде қоры 2,5 млн. АҚШ долларынан асады.