НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 123- орында тұрған қытайлық Сю Ванмен кездесті.
Е.Рыбакина екі сетті де 6:4 есебімен ұтты.
Бәсеке 1 сағат 33 минутқа созылды.
Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 72- ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен таласады.
Д.Касаткинаның екінші айналымдағы қарсыласы, әлемнің 27-ракеткасы, чехиялық Каролина Мухова кортқа шыққан жоқ. Сондықтан Д.Касаткина ойнамастан үшінші айналымға өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Әбу- Даби турнирінің үшінші айналымына шыққанын, АлександрБублик пен Андрей Голубевтің Анталия жарысының ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).