НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-орнын сақтап қалды.
Юлия Путинцева бұрынғысынша 42-інші, Зарина Дияс 102-сатыда келеді.
Көш басында үздік үштік өзгерген жоқ. Аустралиялық Эшли Барти бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші, испаниялық Гарбинье Мугуруса үшінші орында тұр.
Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, қытайлық тайбэйлік Се Су-Вей алда келеді.
Қазақстандықтардан Е.Рыбакина 50-інші, Анна Данилина 75-орнын сақтап қалса, З.Дияс 179-дан 180-ге сырғыды.
Қазақстандықтар жаңа жылдағы жарыстарды сәтті өткізсе, рейтингіде жоғарылайтыны анық.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).